Алматыда Денис Тенге ескерткіш тұрғызылды

Рейтинг: 0 / 5

ҚазАқпарат - Алматыда белгілі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенге мүсін орнатылды.

Ескерткіш спортшы қаза тапқан жерге тұрғызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Денис Теннің мүсіні қоладан, тұғыры граниттен жасалған. Биіктігі - 2,4 метр. Мүсін Денистің қола медаль жеңіп алған Сочи Олимпиадасының финалдық бағдарламасын орындап тұрған сәтін өрнектеп тұр. Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысына орнатылған ескерткіш - Санк-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкиннің туындысы.

6

Айта кетейік, ол бұған дейін оңтүстік астанаға тағы бір еңбегін - Виктор Цой мүсінін арнаған болатын.

«Біз Оксана Алексеевнаға алғыс айтамыз, өйткені әрбір деталь, штрихына дейін соның қадағалауында болды», - дейді Алматы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев.

Ол Денис Теннің анасымен біріге спортшы туралы кітап шығарылатынын, күзде оның құрметіне турнир ұйымдастырылатынын жеткізді.

Еске сала кетейік, Денис Тен былтыр 19 маусым күні қаза тапты. Пышақтан ауыр жараланған белгілі спортшы ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болған еді. Ал оны өлтірген қылмыскерлерге 17 қаңтар күні Алматыда үкім оқылды.

Автор: Данияр Дәуітәлиев

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика