Тараз қаласы М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті базасында өткен 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің Кіші Отаным» V Республикалық зияткерлік байқауына қатысып, үздік білімімен, шешен сөйлеу өнерімен көзге түскен 10-сынып оқушысы Нуркалиев Алмас /жетекшісі Бимаганов Б.А./ жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Байқау туған елдің тарихына аса қызығушылық танытатын дарынды оқушыларды анықтап,шығармашылық қабілетін, белсенділігін дамытуға, Қазақстан патриотизм мен азаматтық сезімді қалыптастыру, тарих және өлкетану бойынша білімін дамыту,ұлттық өзін- өзі тануына және олардың кішкентай Отанына деген мақтанышын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.Оқушымыз Алмасқа шығармашылық табыс тілеймін!
Т.Ажғалиева,
М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің директоры