Алғыс айту – парызым

(0 Votes)

2016 жылдың 14 қаңтарында 1 наурыз елімізде Алғыс айту күні деп жарияланды.

Осыдан 28 жыл бұрын 1 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғанын ескерсек, Алғыс айту күнінің неліктен дәл осы күні тойланатынын түсінеміз. Бұл – Қазақстан халқын біріктіруге бағытталған, еліміздің тарихына құрмет көрсетіп, барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын күн.

Осыған орай, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Алғыс айту - парызым» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. Аудан әкімі Марат Мурзиев өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесіне айналған атаулы күнмен құттықтап, Орын алған төтенше жағдай кезінде өртке оранған үйден жеті жасөспірімді аман алып шыққан полиция инспекторлары Бекжан Мұратқалиев, Нұрболат Қабасовты ұлығылады.

Сондай-ақ, «Харекет» қайырымдылық қорының белсенділеріне, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған аналарға, өрт сөндіру бөлімі, аурухана, әлеуметтік қызметкерлер, дефектолог, мұғалімдер, жеке кәсіпкерлерге алғыс хатын ұсынды.

Салтанатты жиын С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT