"Алғыс айту парызым" көрмесі өтті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы Кудряшов ауылдық округінің Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен 1 наурыз алғыс айту күніне орай "Алғыс айту парызым" атты кітап, суреттер көрмесі өтті.

Шара округ әкімі аппаратының бас маманы Жаңбырбаева Сұлушаш Еламанқызының мерекелік құттықтауымен ашылды. Шара барысында алғыс айту күніне арналған өлеңдер оқылып, жас суретшілер туған жерге алғыс тақырыбында сурет салды.

Аналар кеңесінің мүшесі Хойлова Татьяна Михайловна құттықтау сөз сөйлеп, елге алғысын білдірді.

Шарада кітап, суреттер көрмесімен Аналар кеңесінің төрайымы Аюпова Гульзада Хамидуллақызы таныстырып, таңдалған кітаптардың мазмұнына шолу жасады. Шара соңында Жансұлу Федорова "Алғыс" әнін орындады. Шараны жүргізген Аналар кеңесінің мүшесі Арайлым Мустажапова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT