Алғыс айту күнiмен құттықтады

(0 Votes)

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Анар Мусина бастаған кiтапхананың қыздары "Құрманғазы" аудандық "Серпер" қоғамдық-саяси газеті редакциясында болып Алғыс айту күнiмен құттықтады.

- "Серпер" газетiнiң ауданымыздың қоғамдық өмірiнде өзiндiк орны бар. Атқарушы билік пен халық арасында алтын көпiр мiндетiн абыроймен атқарып келесiздер. Мемлекет басшысы Жолдауынан, тапсырмаларынан туындап отырған мiндеттердi, cол бойынша аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды, еңбек адамдарын, ел тарихын, жас ұрпаққа ұлағатты тәрбие беруді насихаттап жүрсiздер. Сiздер әрдайым аудан жаңалықтарымен қатар бiздiң кiтапхана ұжымдарында өткен шаралардың да жаршысы болып, газет бетiнде көрсетесiздер. Сол үшін алғыс айтамыз. Ертең демалыс болғандықтан бүгін кiрiп шыққанды жөн санадық,- деген Анар Нуриқызы редакция ұжымына ризашылығын бiлдiрiп, аудандық басылымның бас редакторы Айнагүл Күнұзаққызына Құттықтау хаты мен шағын сыйлығын табыс етiп, жемicті еңбек тiледi.

Өз тарапынан аудандық "Серпер" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айнагүл Шакупова арнайы келiп құттықтап жатқаны үшін Анар Мусина бастаған кiтапхана ұжымына алғысын айтып, бiрлескен жұмыстармыз жалғасын таба берсін деген iзгi тiлегiн жеткiздi.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT