1 наурыз – Алғыс айту күні қарсаңында Құрманғазы аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздікке қосқан елеулі үлестері үшін аға буын өкілдеріне алғыс білдіріп, оларды марапаттады.
Құрманғазы аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Талғат Исаев ауданның белсенді ақсақалдары мен құрметті ардагерлерін ҚР Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденовтың Алғыс хатымен марапаттады.
Бұл іс-шара ел бірлігі мен қоғамдағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Полиция қызметкерлері мен қоғам белсенділері арасында ұйымдасқан рәсім аясында өткен шарада аға буын өкілдерінің тәртіп сақшыларының еңбегіне қосқан зор үлесі ерекше атап өтілді. Талғат Исаев шараға қатысушыларды құттықтап, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңестерінің кейінгі ұрпақ үшін өте маңызды екенін айтты. Ол өз сөзінде құрметті ардагерлердің қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталды, сондай-ақ олардың еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қажырлы еңбегін жоғары бағалап, алғыс білдірді.
Бұл іс-шара қоғамдағы бірлікті күшейтіп, әр адамның өз еліне деген адалдығын, тәртіпке деген құрметін арттыруға үлкен ықпал етеді.