Алғыс айту күніне орай Сафон ауылдық мәдениет үйінде "Алғыс айту-асыл қасиет" атты шара өткізілді.
Шарада округ әкімі Р.Камзаева алғыс айту күніне орай ауыл тұрғындарына тілек білдірді. Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн – бейбітшілік, ынытмақ күні, Қазақстан халықтарының бір-біріне деген құрмет пен ризашылық танытатын, жалпыхалықтық мейрамы.1 наурыз - Алғыс айту күні отаншылдық мұрат пен ортақ мақсаттар жолындағы әріптестік, ұжымдық жылы қарым-қатынастарыңыз үшін сіздерге алғыс айтамын! Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Көпұлтты еліміздің халықтары арасындағы береке-бірлік пен ырыс-ынтымақ арта берсін. Округ әкімі Роза Шамарқызы ауылымыздың өлкендеуіне үлес қосқан ауыл үлкендеріне алғыс айтып, арнайы алғысхат пен сый-сияпатын табыстады.