Алдағы жылдары 11 мектеп, 56 балабақша салынбақ

Рейтинг: 0 / 5

«Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Атырау облысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасын талқылау кезінде айтылды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының отырысы өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өтті.

«ҚР Тұңғыш Президенті, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі «Жол картасын» әзірлеп, жария түрде қарауды тапсырған болатын. Бұл «Жол картасы» – қаланы, әрбір ауданды әрбір ауылды және барлық халықты қамтиды»,- деді Махамбет Досмұхамбетов. «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Нұрлыбек Ожаев алдағы бесжылдықта облысымызда 6 480 орындық 11 мектептің және 12 850 орындық 56 балабақша мен 610 орындық 6 жатақхананың құрылысы жоспарда екенін айтты. Сондай-ақ, 22 спорт кешенінің құрылысын салу арқылы халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін 38 пайызға жеткізіп, 10 медициналық нысанның құрылысын салып денсаулық сақтау жүйесінің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жоспарлануда екендігі де айтылды.

Айта кету керек, жиын соңында аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов фракция мүшелеріне бірқатар тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика