Алдағы күнге сеніммен қарайық!

(0 Votes)

Қиын кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Ауыр жағдай.

Ел күйзеліп, халқымыз ет жақын бауырларын, ағайын-туыстарын дос-жарандарын, құрбы-құрдастарын, замандас, әріптестрін жоғалтты. Індет дендеп таралуын тоқтатар емес. Көп адам емханада, аяқ үсті,үйінде ем алуда.

Бүгін Ұлттық аза тұту күні. Өмірден өткен адамдардың отбасына, жақын жұрағаттарына көңілімді білдіремін.

Ауырып ем алып жүргендердің емдері шипа болып, сауығып шығуларына тілектеспін. Адам қадырын, өмірдің мәнін терең түсініп, сезіне бастадық.

Сын сағатта көмек көрсету, жанашырлық таныту, жылы сөз бен ізгі тілектің өзі қандай күш екенін білдік. Бірге болсақ бұл індеттің жолын кесіп, тоқтатанымызға сенемін. Алдағы күнге сеніммен қарайық. Халқымызға сабыр, күш - қуат бергей!

Сәрсенбай Еңсегенов,

Сенат депутаты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521