Алда тұрсын алғыс-алқа тағынып

(0 Votes)

Дәрігерге мен де талай емделгем,

Кең тынысым тарылғанда дем берген.

Аурухана – ақ халаттылар мекені,

Қайта айналып келе берем сендерге.

Көп ауырдым, жүрек жатты жұлқысып,

Басқа жетті қайғы деген бұлт ұшып.

Бәрінен де аман алып қалдыңдар,

Мен сендерді жиі табар жыл құсы.

Әуелі Алла, одан кейін сендерсің,

Өздеріңдей кім мамандық меңгерсін.

Қалай ғана табынбайын пір тұтып,

Меңдегенде сырқатымды жеңгенсің.

Жәудіредім көзі болып ботаның,

Мықты едім мен мұздай еріп босадым.

 

cfe24670-3507-4203-b558-fa877a8ed5dc

Талай тұрдың ажалыма араша,

Талай түрі бастан өтіп отаның.

Сан ауырып, сан шыққанмын емделіп,

Сөз айтпаймын ешқандай бір пенделік.

Ғайбаттаса аяқ асты біреулер,

Іле шала ара түсем мен келіп.

Дәрігер ғой, жан қиналса жолдасың,

Дүниеде сырқатты ешкім болмасын.

Ажалменен арпалысқан сәтінде,

Тек оларды Алла ғана қолдасын.

Дәрігерлер үрпиіссе, үрписе,

Көз шырымын алмай қабақ кіртисе.

Күндіз не түн санасуды білмейтін,

Мен дұшпаны – дәрігерге кім тисе.

Тірлігінен қандай кінә қазасыз,

Алғысыңды айт, ер еңбекті таза түз.

Арпалысқа бар ғұмыры арналған,

Бір күні жоқ өтпейтұғын мазасыз.

Алда тұрсын алғыс – алқа тағынып,

Барар жерің денсаулыққа шағынып.

Пенде біткен аман жүргей жер басып,

Дәрігердің ем – домына бағынып.

Біз де олардың амандығын тілейік,

Жып – жылы бір сезімге орап жүрейік.

Сырқатымыз талай мәрте сылынса,

Дәрігердің қадірін де білейік.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521