Елімізде соңғы жылдары байланыс құралдары мен интернет технологиясын қолдана отырып жасалған алаяқтық қылмыстары күн санап өсуде, алаяқтар иемденген қаражаттардың мөлшері кейде миллиондаған теңгені құрайды.
Байланыс құралдары арқылы жасалатын алаяқтықтың ең көп таралған түрі – ол банктік есеп-шоттағы ақшаны басқа есеп-шотқа аударту арқылы иемдену, бұл қылмыс схемасы қарапайым және келесідей:
- қылмыскерлер ұялы телефонмен қоңырау шалып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, есеп-шотындағы қаражатқа алаяқтық әрекет жасалып жатыр деп сендіріп, соны тоқтату үшін, банк картасының деректемелерін, яғни нөмірін, пин-кодын және картаның келесі бетіндегі соңғы үш нөмірін хабарлауды ұсынады немесе осындай тәсілмен «Any desk» арнайы қосымшасын ұялы телефонға жүктетіп, рұқсат ала отырып, онлайн несие рәсімдеу арқылы, қаражатты өзге есеп-шотқа аудартып иемденеді.
Алаяқтар бұндай айла-тәсілдерімен аудан тұрғындарын да алдап соғуда. А.ж. 3 айында аудан көлемінде алаяқтар интернет желісі арқылы алдау жолымен аудан тұрғындарының ақша қаражаттарын иемдену жағдайлары бойынша 4 қылмыстық іс басталса, 2022 жылы ауданда тіркелген алаяқтықпен байланысты 28 қылмыстың, 24-і осы интернет желісі арқылы жасалған алаяқтықтар болып отыр.
Олардың ішінде шағын несиелік ұйымдардың («Creditum», «Sofi Finance», «Mobei Man», «ПервоеКредитноеБюро») сайттары арқылы онлайн түрде несие рәсімдеу арқылы жасалған алаяқтықтарда бар. Бұл қылмыс түрін жасаудың басқа жағдайларында зардап шеккен тұлғалар әлеуметтік желілер арқылы («Instagram», «Kolesa.kz», «OLX», «WhatsApp») белгілі бір затқа тапсырып беру барысында алдын ала қаражаттарын аударумен орын алған.
Бүгінде интернет желісімен жасалған алаяқтық қылмыстарын тергеу барысы айтарлықтай қиындықтар туғызуда, сол себепті көптеген қылмыстар бойынша кінәлі тұлғалар анықталмай, олар қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кетуде.
Сондықтан, алаяқтардың құрбаны болмас үшін келесі қарапайым ережелерді сақтау қажет:
- банктік картаңыз бойынша қандай-да болсын проблемалық жағдай туралы мәлімдеген банк қызметкері қоңырау шалған жағдайда, әңгімені үзіп, картаңызда көрсетілген нөмір бойынша банкке қайта қоңырау шалыңыз, өйткені банк қызметкерлері Сіздің карта немесе есеп-шотыңыз туралы жеке мәліметті ешқашан сұрамайды;
- банк картасының деректемелерін және операцияны растау туралы арнайы кодты ешкімге айтпаңыз;
- егер Сіз мобильді банк қызметін пайдаланбайтын болсаңыз, ұялы телефонды жоғалтып алған немесе нөмірді ауыстырған кезде, шұғыл түрде қызметті өшіріңіз;
- интернет желісі арқылы белгілі бір затқа тапсырыс берген жағдайда, сенімді сатушы екеніне алдын ала көз жеткізіңіз.
Бұдан басқа, күмән туғызатын қандайда болмасын жағдайлар туындаған кезде, алаяқтардың арбауына түсіп қалмай, сақ болуға шақырамыз!
Құрманғазы ауданының прокуратурасы