Алаяқтарға алданып қалмаңыз

https://zhanaqorgan-tynysy.kz
(0 Votes)

Қазіргі уақытта жаңа технологиялардың дамуы мен ғаламтор кеңістігінің жетілуі негізінде, соңғы жылдары елімізде интернет-алаяқтық қылмыстары жылдан-жылға қарқынды өсуде.

Қазіргі таңдағы интернет алаяқтық туралы мәселеге бейжәй қарамауыңызды сұраймыз. Қазақстан Республикасында соңғы 2 жыл ішінде қылмыстың өршіген кезеңі ол интернет алаяқтық болып табылады. Интернет алаяқтықтың түрлеріне назар салып қарауларыңыз сұралады. Құрманғазы аудандық полиция бөліміне кемінде аптасына бір рет интернет алаяқтықтың құрбаны болған азаматтар мен азамташалар арызданып келеді. Оның арасында 100 мың теңгеден 20 миллион теңгеге жуық ақшаға алданғандар да бар. Алаяқтардың алдау тәсілін қысқаша түсіндіріп таныстырып өтейін.

Атап айтқанда интернет алаяқтық қылмысының ең қарқынды дамыған түрлері, ол банк қызметкерлерінің өзін қауіпсіздік басқармасынан немесе сіздің жеке менеджеріңіз боламын деп таныстырып: "Сіздің шотыңызды тез арада бұғаттау қажет. Ол үшін бізге картаңыздың артқы бетіндегі үш таңбалы СV коды немесе ұялы телефон нөмеріңізге келген 4 таңбалы цирфды айтуыңыз сұралады", деп айтады. Ешқашан банк қызметкерлері сіздерге қоңырау шалып ұялы телефон нөмеріңізге келген 4 таңбалы санды және де сізден банк карточкасының артқы бетіндегі СV кодты сұрамайды. Екінші айла тәсілі ол ОЛХ немесе Колесо кз парақшасы арқылы сізге арзан бағада жағдайы жақсы сақталған тауарды немесе автокөлікті жарнамалап ұсынуы мүмкін және ол заттың тез арада өтіп кетпеуі үшін алдын ала төлем жасауыңызды не болмаса өзі жіберген сілтемеге кіріп анкетаны толтыруыңызды өтiнедi. Есiңiзде болсын, ешқашан тауарды қолыңызға алмай ешкімге алдын ала төлем жасамаңыз. Алаяқтар сеніміңізге кіру арқылы сіздерді арбап алдап өзіне керекті ақпаратты біліп алған соң сіздің шотыңыздағы ақшаны өз қалталарына басады.

Сонымен қатар плэймаркет немесе эпстор бағдарламасы арқылы анидеск платформасын телефоныңызға жүктеп сол жерге өзіңіздің анкетаңызды толтыруды сұрайды. Ол анкета толтырылған сәтінде сіздің банк есеп шотыңыз толықтай алаяқтардың қолына өтетіндігін қаперіңізге беремін. Сол себепті Анидеск платформасын және басқа да жаңадан шыққан күмән туғызатын кез келген платформалар мен бағдарламалардың растығын анықтау мақсатында Құрманғазы АПБ-не келіп ақпараттың растығын тексеріп көз жеткізулеріңіз сұралады. Жеңіл ақшаның болмайтындығын және де қазіргі таңда тіркелген қылмыстардың 3 тен 1-і интернет алаяқтық қылмысы болғандықтан өзіңізді және жақындарыңызды бұл алаяқтық арбаудан сақтаңыздар.

Эльдар Әжiгереев,

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің

Криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция лейтенанты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT