Аласармас алып бейне

(0 Votes)

Газетіміздің қыркүйек айындағы сандарында белгілі партия-кеңес қайраткері Мұхамедғали Әленұлы Сужиков туралы «Атойлап шыққан тұлға» атты көлемді тағылымдық мақала жарияланған болатын.

Өткен әзірде Алматы қаласынан мақала кейіпкерінің ұрпақтары газет редакциясына және мақаланың авторы, тарихтың ақтаңдақтарының ашылуына көп еңбектеніп жүрген академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлына үлкен ризашылығын білдірген тілек хатын жіберіпті.

«Ол адам туралы жарияланған әр мақала зор қуанышқа бөлейді. Атамыздың алып бейнесі мәңгі есімізде қалады, оны уақыт аласарта алмайды. Мақалаңызды оқыған кезде елі үшін жасаған жақсылықтары, бізге көрсеткен қамқорлықтары еске түсіп, көз жасымызға ерік бердік. Атамыздан басқа да кезінде қудаланған, әлі күнге дейін халқына істеген еңбектері елеусіз қалып келген Ж.Тәшенов, Ш.Есенов, Б.Момышұлы, Ж.Молдағалиев сынды тұлғаларымызды да еске алып, батыл қадам жасапсыз. Мұндай қайраткерлер құрметтен шет қалмай, тарихтан мәңгі орын алулары тиіс. «Қайырым түбі – даналық» дегендей, бұл қадамға баруыңыз сіздің даналық қырыңыз деп білеміз. Бойыңыздағы жазушылық өнеріңіздің арқасында ұлтқа рухани қызмет көрсетіп келе жатқан тұлғасыз. Шығармашылық қуатыңыз сарқылмасын. Оқырмандарға берер сүбелі дүниелеріңіз жарқырап шыға берсін, деніңіз сау, еңбегіңіз жемісті болсын!» делінген хат мәтінінде.

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521