Алты шақырымдық тай жарыста, тоғыз шақырымдық құнан жарыста және 24 шақырымдық аламан бәйгеде шашасына шаң жұқпаған кіл жүйріктер бақтарын сынайтын болады.
Бәйгеде озып шыққандарға ақшалай байрақ пен асыл тұқымды мал табысталады.
Аламан бәйгенің бас жүлдесі – автомобиль.
Сонымен бірге, қазақ күресі, арқан тартыс, қой көтеру және кір тасын көтеруден жарыс өтеді.