Аламан бәйгеде бақ сынады

(0 Votes)

Асан ауылдық округінде «Біз Жеңісті жырлаймыз» атты мерекелік шара өтті.

Ауыл тұрғындарын округ әкімі Мақсат Мырзағалиев құттықтап, мәдени сазды бағдарлама тамашаланды. Сонымен қатар, мереке құрметіне ұйымдастырылған 21 шақырымдық Аламан бәйгеде Мейрамбек Нұрбаевтың аты І орын алып, 300 мың теңге иеленді.

Марат Кажмурин мен Мейрамбек Нұрбаевтың тұлпарлары ІІ және ІІІ орынды алып, тиісінше 200 және 100 мың теңгелік байрақтарға қол жеткізді. Төртінші болып келген Темірбек Қайседеновтің аты 50 мың теңгенің сертификатын ұтты. 9 шақырымдық құнан жарыста Тастанбек Мусин баптаған аттар І және ІІ орынды ешкімге бермей 150 және 100 мың теңгенің байрақтарын қанжығаларына байлады. Руслан Күншығаровтың құнаны ІІІ орын және оған тиесілі 50 мың теңгенің сертификатын алды.

Спорттық жарыстар – қазақша күрес, 32 келілік кір тасын көтеру, садақ атудан жарысқа түсіп, бағы жанғандар да арнайы қаржылай байрақтар иеленіп, көңілдері жайланды.

Айта кетелік халыққа мерекелік көтеріңкі күй сыйлаған жарысқа Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектептің 2003 жылғы түлектері (құнан жарысқа) мен шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер демеушілік жасады.

Шараны өткізуге округтегі мекемелердің қызметкерлері мен белсенді жастар, ауыл тұрғындары атсалысып, ұйымшылдық танытты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT