Алғысымыз шексіз!

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.

Бұл мереке Елбасының Жарлығымен биыл төртінші рет атап өтіледі. Сондай-ақ, 1 Наурыз – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні.

Елбасы Алғыс айту күні туралы: «Қазақстан халқы ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызды жыл сайын Барлық этностардың бір-біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өту әділетті болар еді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір-біріне деген достығы мен махаббатының жарқын мерекесі бола алар еді», – деген.

Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні белгіленді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір - біріне және қазақтарға алғыс айту күнін бекітуді ұсынды.

Осы мерекеге орай «Алғысымыз шексіз!» атты мерекелік шара өтіп, округ әкімі Олжас Сержанұлы округ тұрғындарын құттықтай отырып, округіміз бойынша жастарымыздың қайырымдылық істерге көңіл бөліп, округтегі жалғыз басты қарияларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға қамқорлық танытып жүргендерін айтып өтті.

Соның ішінде белсенді жастарымыз Ихсанов Жарылқасын Бауыржанұлы; Шұғайыпов Жасұлан Шұғайыпұлы; Сағындықов Нұрлан Сағындықұлы; Шияпов Дидар Саясатұлы; Елмұханбетов Ерік Болатұлы; Хошаев Ақылбек Ануарбекұлы; Қарасаев Манас Жексенбайұлы; Тасимов Ерген Абайұлын округ әкімі мен ауылдық ардагерлер кеңесінің Алғыс хатымен марапаттады.

Шара соңында ауылдық клуб меңгерушісі Жанар Төлегенқызы жыл ішінде барлық шараларда өнер көрсеткен өнерпаздарға алғысын білдіріп, қатысушыларды алғыс хатпен марапаттады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521