«Алғыс, Қазақ еліне!»

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Алғыс айту күніне арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.

Алдымен бейнеролик арқылы бұл күннің мәні мен маңызы түсіндіріліп, қауіпті індет кезінде үй көрмей, бел жазбай еңбек еткен дәрігерлер қауымына алғыс білдірілді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров еліміздегі тыныштық пен үндестікті, өзара сенім мен құрметті шыңдай түскен бұл күнмен жиналғандарды құттықтап, ақжарма тілегін білдірді. Одан әрі, Жандос Мнафихұлы ауданымызда санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруда, карантиндік шектеулердің орындалысын қадағалауда, жалпы коронавирус пандемиясына тойтарыс беру кезінде алғы шептен көріне білген бір топ полиция қызметкерлеріне, дәрігерлерге, еріктілерге, санэпидемиологтарға, кәсіпкерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.

alys1

alys-ajtu

alys-3

Атырау облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» кеңесінің Құрманғазы ауданы бойынша төрайымы Ақтілек Хамитова мерекелік лебізін білдірсе, Ақкөл жалпы орта мектебінің мұғалімі, неміс ұлтының өкілі Виктория Халменова түрлі этностардың құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына шынайы ризашылығын жеткізді. Салтанатты жиында С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерін орындады.alys6

alys5

alys7

 

А.Шакупова   

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521