Алғыс арқалаған мамандық

(0 Votes)

Қазанның соңғы жексенісінде өздерінің кәсіби мерекесін атап өтетін әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне аудан әкімдігінде «Әлеуметтік сала – халыққа пана» атты салтанатты шара ұйымдастырылды.

Алғыс арқалайтын мамандық иелері ұлықталған кешті ауданға белгілі өнерпаздар Болат Бидоллаев пен Гүлзада Жұмалиева жүргізсе, Сағынғали Ерболат, Толыбай Қажыгереев. Нұрлан Төлегенов, Раушан Сәрсенова, Заря Қуанышқызы тамылжыта ән шырқады. Кәсіби мерекеге орай құттықтау сөздерін сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Нұрлыбек Қалиев, аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Өмірболат Есенғазиев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметттік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Рүстем Нәсиболлаев бір топ сала ардагерлері мен қызметкерлерге Алғыс хаттар табыстады.

87b50c17-608a-4a82-99d9-4c12fbbe51f5

Әлеуметтік қорғау жүйесінде 10 жылға жуық жемісті еңбек еткен ардагер Сәркен Нұрғожина апамыз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кездескен қиындықтарға тоқталып, ізбасар іні-қарындастарын кәсіби мерекемен құттықтады.

 

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521