«Алғыс арқалаған арда мамандық»

(0 Votes)

Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің күні. Бұл, әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік-медициналық көмек беріп жүрген еңбек иелерінің төл мейрамы.

Осыған орай, С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде  «Алғыс арқалаған арда мамандық» атты мәдени шара өтті. Алғашқы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Гүлнар Хасанова қоғамның әлсіз өкілдеріне қолдан келгенше көмектерін, жүрек жылуын ұсынып, бар мейірімі мен қамқорлығын аямаған сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, аудан әкімінің алғыс хаттарымен ардагерлер мен үздік мамандарды марапаттады.

k

k

«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясымен «Еңбек жолы» конкурсына қатысқан бір топ үміткерлерге алғыс хат ұсынды.

ksibi-mereke1_jpg3

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов қоғамдағы ерекше  жандардың өмірде өз орнын табуға септігін тигізіп келе жатқан әлеуметтік саланың маңыздылығын тілге тиек етіп, сала қызметкерлерін ұлығылады. Шарада С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен Құрманғазы ауданының зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығының тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасы тамашаланды.

n

b

nshi-yz

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521