Алғыс айту - ұлт талғамайды!

(2 Votes)

Алғыс айтып білесіз бе? Кімге, қандай жағдайда алғыс білдіресіз? Оның сауаптарын ше? Сіздің ойыңызша, "рахмет" пен "алғыстың" нендей айырмасы бар? Ара-жігін ажыратып білесіз бе? Ия, көп жағдайда ішкі ойымызды сыртқа шығара бермейміз.

Біреудің жылы лебізін көре тұра, алғыс айтудан жалтаратынымыз рас. Бірақ өскелең ұрпақ өнегелі болуы үшін де, кішкентай нәрсені өзімізден бастағанымыз жөн болмақ. Тәрбие жастан екені хақ.  Осы орайда, өзімнің еңбек етіп жатқан мектебім туралы ой өрбітпекпін.

Мен өз еңбек жолымды М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен бастадым. Ұстаздық қызметті тізгіндеп жүрген жайым бар. Ал, бұл оқу ошағында қазақпен қоса өзге ұлт өкілдерінің де білім алатынын бәрімізге белгілі. Ал жас буынның бағбаны біз екенімізді ескере отыра, сөз анасы сәлемнен кейін, жәй нәрсенің өзіне алғыс айтуды үйретеміз. Қарапайым мысал, дәстүрлі білім жүйесіне көшкен оқушылар арасында,  тақтаға тапсырма орындауға шыққандағы екі оқушының бор кезегін күтуінің өзінде үлкен сыйластық бар екендігін көрсетеміз.

Осыдан 5 жыл бұрын «Алғыс айту күні» деп  белгіленген күннің де басты мақсаты-күллі этностарды бір-біріне мейірбандық танытып, сыйластықта өмір сүргізу еді. Оған дәлел: қара шаңырақ білім ордамызда, ізгілік пен құрметті,  татулық пен сыйластықты  ту еткен қонақжай қазақ пен өзге ұлт өкілдерінің мамыражай өмір сүруі. Дәл осындай мақсатта мектебімізде «1-наурыз-Алғыс айту» күніне арналған  іс-шара өткен болатын. Іс-шараны өткізудегі басты мақсат-өскелең ұрпақты сыйластыққа, ізгілікке баулу. Түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынасты орнату, ұрпақ санасына бөлінуді емес бірігуді сіңіру. Елге деген, ата-анаға, ұстазға, досқа, жас-кәріге деген алғыс, қадірлеу, оны дәріптеу турасында Алғыс айту күніне арналған, пән бірлестіктерінің «Ризамын, елім саған!» атты елдегі бейбітшілік пен келісім үшін қашықтықтан алғыс, құттықтаулар айтылып, онлайн-концерт те ұйымдастырылды. Сонымен қатар, бұл іс-шараға ұстаз бен оқушы ғана емес, ата-аналар да атсалысқан болатын. Өзге ұлт өкілдері ата-аналарының алғыс жаудырған бейнероликтері де түсіріліп, көрер көзге ерекше жылулық сыйлады. Ел басшысының өзіндік діттеген миссиясына жетіп келе жатқаны да осының айғағы деп білемін.

Ендеше, «елім» деп аянбай тер төгетін, «жерім» деп ет жүрегі елжірейтін Отандастарымыздың бір-біріне құрмет білдіретін күні құтты болсын, Қазақ елі! Болаттай берік бірлігі бар еңселі еліміз аман болсын! Өткенің мен бүгініңе ұрпағың куә, Алғыстымыз!

Шырақбаева Назерке Шырақбайқызы

М. В. Ломоносов атындағы орта

мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521