Қазақстан Республикасы Президенті сайлауында саяси таңдау жасауға тұңғыш рет қадам жасап отырғандар да бар.
Солардың бірі Х. Досмұхамедов атындағы Атырау педагогикалық университетінің студенті Арман Насиполла Құраманғазы ауылдық округінің М.Әуезов атындағы орта мектебінің бірінші қабатында орналасқан №175 сайлау учаскесіне келіп,алғаш рет дауыс берді. Арман аталған жоғары оқу орынының ІІ курсында, «Ақпараттық технолгия» мамандығы бойынша оқиды. Студентке алғаш дауыс беруші ретінде естелік сыйлық табыс етілді. Дауыс беру жалғасуда