Қалқан қойды Тәжтажал алдына

(0 Votes)

Ибрагим Ақдрашевке!

Жемқор емес , жүрмегендер ерініп,

Азап шекті өз ісіне беріліп.

Ақтығынан жаңылмады қиналсын,

Жатпады олар төсегінде керіліп.

Адал жолдан, ғұмыр кешсе сәулетті,

Аяқ асты үнсіз бұғып жау жетті.

Халқым аман болсын деген қарақтар,

Судай шашты өзі жиған дәулетті.

Сәтте мынау қара тажал киліккен,

Жанұшырып солар болды иліккен.

Ентіккенде жағалай жұрт дем жетпей,

Не керек деп бұрын жетті биліктен.

Қарамады өзінде енді қалды ма,

Үнем деген болмайды екен арлыда.

Миллиондарын уыс- уыс алды да,

Қалқан қойды Тәжтажал алдына.

Ер көңілі еліне ортақ жауға асық,

Ойы, халқым жүрсін аман, сау басып.

Бар жиғанын судай шашса елім деп,

Мына жақта "қырық бес мың" дау басы.

Қай кезде де ел жұртына пана бар,

Осылармен жазылар да жаралар.

Құдіретіңе мың да тағзым әке қан,

Айналайын алып туған аналар.

Дәм етпейді темір-терсек бұл үшін,

Жомарт жүрек ірісің-ау, ірісің

Қиналғандар көмек алса, қисапсыз,

Шіркін, соның білдірмейсің тігісін.

Сен арқылы алуда әне кеуде дем,

Шек жоқ алғыс елдің ішін кеулеген.

Баға жетпес марапатың - Ақ бата,

Құдай ілген жарқыратып кеудеңе.

Үміт жанды сендер берген жігерден,

Алқынғандар тауып жатыр үдер дем.

Бұл тажалдан аман қалсын ел-жұрт деп,

Сендер бақыт құдай өзі жіберген.

Кенелдірдің қиын кезде құтыңа,

Миллиардтарын біреу тықса бұтына.

Аман жүр деп ел алақан жайған сәт,

Биік ұшқан сенің көңіл құсыңа.

 

Таңатар Дәрелұлы, ​

Құрманғазы ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521