Ақындар айтысына алты мәрте қатысты

фото: редакция қорынан
(0 Votes)

Сүйіндік ауылында туып-өскен жас айтыс ақыны Нұрбейбіт Нұғымановтың есімі көпшілікке жақсы таныс. Туған жерін қадір тұтатын азамат бүгінде одан алыс жүрсе де, облыс көлемінде өтетін айтыстарға Құрманғазы ауданының атынан қатысады.

Танымал суырып салма ақын Мүтиғолла Ғанидың тәрбиелеген шәкірті биылғы жылы ғана 6 рет айтыс додасында бақ сынапты. Бір рет бас жүлде иеленсе, бір рет екінші, екі рет үшінші орын иеленді. Айтыс ақыны болу оңай емес. Табан астында қарсыласқа өлеңмен жауап қайтару екінің бірінің маңдайына жазыла бермейді.

14 желтоқсан күні Қызылқоға ауданында Махамбеттің туғанына – 220, Мұрат Мөңкеұлына –180, Халел Досмұхамедұлына – 140 жыл толуына орай аймақтық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Бас жүлдені қызылқоғалық Батыржан Кәдірбай алса, Батыс Қазақстан облысынан келген Бауыржан Ширмедин І орынға табан тіреді. ІІ орынды құрманғазылық Нұрбейбіт Нұғыманов еншіледі. ІІІ орынды маңғыстаулық Жанболат Әли мен ақтөбелік Қайырхан Жұбаниязов бөлісті. Жерлесімізге алдағы додаларда да жеңісті күндеріңіз көп болсын деп тілейміз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT