Акция аясында қолдау көрсетілді

(0 Votes)

Сотталғандардың қайтадан қоғамға толыққанды адам болып кірігуіне қол жеткізудің өзіндік қиындығы да, шешілуі күрделі түйіні де көп.

Жазалы жандарды өзекке теуіп, сырт айналудан ұтарымыздың аз екені де аян. Қазір оларға көмек қолын созып, түзу жолға бағыттап, құқықтық-әлеуметтік жағынан көмектесетін бірден–бір қызмет – пробациялық бақылау қызметі.

Аудан бойынша пробация бақылауынан жыл басынан бері қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға тартылған 145 адам өтсе, қазір есепте тұрғандар саны – 78. Сотталғандардың қайталап қылмыс жасамауы үшін бірінші кезекте оларды жұмыспен қамтудың маңызы зор. Аудандық жұмыспен камту орталығымен бірігіп, бірқатар сотталғандар қоғамдық жұмыстарға тартылды. Бүкіл әлемді үрей уысында ұстаған пандемия кезінде біздің ауданда да індеттің алдын алу қарқынды жүрді. Сонымен қатар биыл өткен үлкен іс-шаралардың бірі, «Еріктілер жылы» және «Біз біргеміз» жалпы ұлттық акциясы аясында сотталғандарға көмек ретінде қолдау көрсетілді.

Ф.Сарсенова,

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті Құрманғазы аудандық Пробация қызметі бөлімінің инспекторы,

әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521