Ақпараттық-түсіндіру тобы – Құрманғазыда

(0 Votes)

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен “Жәрдем-Атырау” КҚ-ның ұйымдастыруымен Құрманғазы ауданының Орлы ауылында «Заңды білмеу жауапкершіліктен құтқармайды» атты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесуге облыстық АТТ мүшелері, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Мусаев Қаһарман Рақметұлы және «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры, теолог Айтмағамбетов Артур Алтайұлы  қатысты.

-Дін мен мемлекет арасындағы қатынастар заң негізінде реттелуі тиіс. Діни ұйымдардың қызметі, имамдардың және дінбасылардың әрекеттері заңға сай болуы қажет. Бұл құқықтық тәртіпті нығайтуға көмектеседі,- деп атап өтті басқарма басшысы Қаһарман Мусаев.

Теолог Артур Айтмағамбетов діни экстремизм мен жат ағымның алдын алу үшін дін туралы білімді арттыру маңыздылығын және азаматтардың заңға қайшы әрекет жасамауын насихаттауды ескерте отырып, бейне, презентациялар арқылы облыстағы діни ахуалды баяндап, заңнамаларды халыққа түсіндіре кетті. Діни сауат­тылықты арттыру, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, мәдени мұра мен дәстүрлерді насихаттау арқылы қоғамдық санаға теріс әсер етуден қорғау бағытында айтып өтті. Сонымен қатар діни радикализмге қарсы іс-қимылдың берік негізі ретінде дәстүрлі рухани құндылықтар мен дін арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды. Жиналғандарға спикерлер Қазақстанда тұратын барлық конфессиялар мен этностардың бейбіт өзара іс-қимылымен қатар өмір сүруіне, Қазақстан халқының мәдениеті мен рухани мұрасына, дес­труктивті жалған діни және радикалды идея­лардың зияндылығына бағытталған дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні туралы ақпарат берді.

Мамандар, ең бастысы, қауіпті діни ұйымдарға көп болып қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті. Бұл бағыттағы іс-шаралар одан әрі жалғаса бермек.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT