АҚКӨЛДІҢ ХАЛЕШІНІҢ ДЕ ЕҢБЕГІ ЕСКЕРІЛСЕ

(0 Votes)
АҚКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРІ, ӨЗ МАМАНДЫҒЫНЫҢ ШЕБЕРІ БОЛҒАН, ҮЛКЕНДЕРДІҢ «ДОҒДЫР БАЛАСЫ», КІШІЛЕРДІҢ «ХАЛЕКЕСІ» БОЛЫП ЫҚЫЛАСЫНА БӨЛЕНГЕН ХАЛИОЛЛА ҚҰМАРУЛЫНЫҢ ДА О ДҮНИЕЛІК БОЛҒАНЫНА БЕС ЖЫЛ БОЛЫП ҚАЛЫПТЫ.
 
1969 жылы Гурьевте жұмыс істеп жүргенде қарттарым ауырып, елге келуге тура келді. Бір айдай ауылда болып жүмыс қарап, армияда бірге қызмет еткен, училищеде бірге оқыған досым Медеуов Отанға (ол кезде аудандық ішкі істер бөлімінде жұмыс жасады) жолықтым. Ол «темір жол қүрылысы жүріп жатыр, көбі басқа ұлт өкілдері, қазақтар шамалы. Жақында басшылық спорт жөніндегі әдіскер іздеп жүрген, шымыр жігітсің ғой, соған барсаңшы» деп қолқа салды. Мен келіскен соң ауданда кішігірім лауазымда жүрген Набиев Құттығали және бір өкіл екеуі «СМП-18» мекемесінің бастығы Б.Горшечниковке кіріп таныстырды. Басшы да дереу келісіп, жұмысқа алып, жұмысшыларға арналған бір бөлме алып берді. Менің теміржол бекетіндегі жүмысым осылай басталды. Жан-жақтан келгендермен танысып, білісіп, араласып-құраласып кеттік. Сол жылдың қарашасында Маңғыстау облысында оқуын бітіргеннен кейін жүмысқа жіберілген Халиолла Ғұмаров дәрігерлік жүмысқа келді.
 
Медициналық көмек көрсетуді жас маман жаңадан бастады. Қалекең қасындағы бір-ақ медбикесімен қүрал-жабдық, дәрі-дәрмектен бастап, түрмыстық керек заттарға дейін алдыртуға жұмыстаңды. Бір өзі хирург, терапевт, тіпті гинеколог та болып басы ауырып, балтыры сыздаган ауылдастарды емдеді. Медучилищені жақсы бітіргені, екі жылдай Маңғыстауда жүмыс істегені көп көмегін тигізгені көрініп түр. Ақкөл бекеті басындагылармен қатар Афанасьев жолайрығындағылар да оның шапағатын сезінді. Антына адал болған азаматтың жақсылЫҒЫН ұмыта қоймаған шығар. Елу жылдай осында тұрып, нағыз ақкөлдік болып кетті. Бір айта кетерлігі, округімізде осындай еңбегі бар адамдарға берілген көше аттары жоқтың қасы.
 
Сондықтан, Халиолла Құмарұлының атына көше берілсе, артық болмас еді. Ауылдастарым қолдайды деген ойдамын. 
 
Әбіш СИСЕНҒАЛИЕВ,
Ақкөл ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT