Академик атағын алды

(0 Votes)

Жерлесіміз, "Құрманғазы" өндiрiстiк кооперативiнiң төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор Сабыржан Сұлтановқа Каспий аймағы академиясының академигі атағы беріліп отыр.

Жоғары марапатты Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Саламат Идрисов табыстап, алдағы күндердегі жұмысына сәттілік тіледі. Академик дипломына аталған акдемияның президенті А.Иманғалиевтің қолы қойылған. Бұл - ауданымыз үшін үлкен мәртебе.

Сабыржан Қыдырсихұлының есiмi ауданымызға, облысымызға кеңінен танымал. Ол басқарған шаруашылық еңбекті ғылыммен ұштастыра отырып, қазiргi кезде қазақтың едiлбай қойы мен айыр өркешті түйесiнiң генефондысын сақтау, жаңа түрлерін шығару бағытында үлкен жұмыстар атқаруда. Кооператив құрылғаннан бері бiрнеше мәрте облыс және республика көлеміндегі озат шаруашылық ретінде мақтау грамоталарымен, сертификаттармен марапатталды. Ауыл шаруашылығы саласына ұзақ жылдар бойы сiңiрген еңбегi үшін Сабыржан Сұлтанов 2014 жылы "Қазақстан республикасының Ауыл шаруашылығы саласының үздігі" медалiмен және "Құрметтi қызметкері" орденімен, 2015 жылы "Құрмет" орденімен ұлығыланды. 2022 жылы Атырау облысының Құрметті азаматы атанды. Абзал ағамызға алдағы күндерде де жетiстiктерiңiз көп болсын деген iзгi тiлегiмiздi бiлдiремiз!

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521