Ақ тілектер айтылған сәт

(0 Votes)

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде ардагерлерді ардақтау шарасы өтті.

Бөлім басшысы Асқар Мұфтах осы салада ұзақ жыл жемісті еңбек еткен Махмуд Жанхановты, Салауат Ниғыметовты қабылдады. Ардагер ағаларды бүгінгі ізбасарларына үлгі ете дәріптеген Асқар Зинетоллаұлы құрмет иелеріне ізгі тілекке толы Алғыс хаты мен ескерткіш сыйлығын табыстады. Әрдайым ұмытпай, құрмет көрсетіп жүретін өздеріне ыстық ұжымына ардагерлер де разылықтарын білдірді.

Сондай-ақ, шарада аудан әкімдігіндегі соңғы құрылымдық өзгерістерге сай жаңадан құрылғалы жатқан жер қатынастары және сәулет, қала құрылысы бөліміне тағайындалған Қуаныш Имашевқа бұған дейінгі бір саладағы ынтымақтасты еңбегіне алғыс, жаңа қызметіне сәттілік тілеген ақжарма сөздер айтылды.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT