Ақ шағала ақынға арналып...

(0 Votes)

Қазақтың аяулы ақын қызы, Ақжайықтың ақ шағаласы атанған Ақұштап Бақтыгерейқызының 80 жасқа толуына орай С.Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өтті. Сайыс шымылдығы Д.Ғұмаров атындағы халық театры әртістерінің ақын өлеңдерінен композициялық көрінісімен ашылды.

Ақұштап өткен ғасырдың алпысыншы жылдары поэзия әлеміне өзінің ешкімге ұқсамайтын нәзік лиризмге бай жібек жырларымен, суретке толы сырлы өрнегімен келген ақын. Байқауға қатысқан 11 үміткер оның осындай самал сезімге толы бір өлеңін және ақындардың Ақұштапқа арнаған арнауын жатқа оқыды.

Дені мектеп оқушыларынан тұратын сайыскерлердің аз-кемі болмаса сыннан сүрінбей өтті. Қазылар алқасының шешімімен Вероника Хойлова (Құрманғазы), Мансур Жұмажанов (Сафон), Айгүл Мұхитов (Орлы), Фарида Мусаева (Мақаш), Абылай Қадыр (Теңіз), Әсем Русланқызы (Ақкөл) қатысқандары үшін Алғыс хатқа ие болды.

Үшінші орындарды Гүлсезім Сәламат (Қиғаш) пен Шұғыла Талапова (Шортанбай) өзара бөліссе, Құрманғазы аграрлы-текникалық колледжінен қатысқан Келдібек Қисметоллаевқа екінші орын бұйырды. Байқаудың екі шартын да мүлтіксіз орындаған жаңаталаптық жас талапкер Ақбота Кадирова бірінші орынға, ал Асаннан келген Ботагөз Рамазанова бас жүлдеге лайық деп табылды.

Айбек ӘНУАРҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT