Ақсақалдар кеңесінің отырысы өтті

(0 Votes)

Ауданымызда Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан ақсақалдар кеңесі құрылып, төрағасы болып мемлекеттік қызмет саласының ардагері Жұмақай Ғұмаров сайланып еді.

Ал, мүшелері білім беру саласының ардагерлері А.Изжанов, А.Карсаков, Б.Хасенова, А.Хамитова, мемлекеттік қызмет саласының ардагері И.Рысқалиев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері С.Алғаязов және аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Е.Асқардан құралды. Аталмыш кеңес қызметі Республикалық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің бекіткен ережесіне сәйкес ауданның бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталады. ​Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Кеңес мүшелері толықтай қатысқан отырысты төраға Ж.Ғұмаров ашып, жүргізді. Күн тәртібінде барлық ауданға қатысты ауылдық округтердегі өзге ұлт өкілдерінің басын қосып, үлкен форум өткізу мәселесі қаралды. Кеңес мүшелері өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сондай-ақ, осы жылға бекітілген жұмыс жоспары пысықталып, алдағы атқарылар міндеттер айқындалды.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521