Ақпараттық топ агроколледж студенттерімен кездесті

(0 Votes)

Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің жанындағы ақпараттық-түсіндіру тобының ұйымдастыруымен аудандық аграрлы-техникалық колледжде студенттермен кездесу өтті.

Оған аталған топтың мүшелері Айгүл Төлегенова, Берік Әнесов, «Темірәлі» мұсылмандар мешітінің бас имамы Еламан Бегалиев қатысты.

Кездесуде аудандық «Темірәлі» мұсылмандар мешітінің бас имамы Еламан Бегалиев:

– Қандай қиын заман өтсе де бабаларымыз діннен ажырамаған. Дінде Әбу Ханифа мазхабын, Матруди ақидасын ұстанған. Сол жолдан шықпауымыз керек. Егер, діни білім алғыларыңыз келсе оны интернеттен емес, мешітке келіп үйреніңіздер. Сіздер қазір жассыздар. Жетістікке жету үшін білім алуға ұмтылыңыздар. Қазірден бастап уақыттарыңызды тиімді пайдаланыңыздар. Халқымыздың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаев: «Түн маған ұйықтау үшін жаралмаған, Ұйықтасын сапарларын тамамдаған. Алдымда сапар жолы тарам-тарам, Ұйықтасам, барлығынан қараң қалам», деп айтқан ғой. Білім қараңғы үңгірде жанған жарық секілді. Ертең сіздердің араларыңыздан да ұлы тұлғалар шығуы мүмкін, – дей келе Әбунасыр Әл-Фарабиді мысалға келтіріп, жат ағымдардың жетегінде кетпеуге шақырды. Студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап қайтарды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521