Ақпан

(0 Votes)

Ашық күн сәл-пәл ызғарлы

Бір сәтте мүлде өзгерді,

Қыраулы қыстың мұз, қарлы

Бораны бұрқап тез келді.

Ақтүтек боран ұйытқыған

Қара жер төсін жапқанда,

Көрсетіп аяз қаһарын

Танытты кәрін ақпанда.

Көптен қыс барын ұмытқан

Ескертіп елге жатқандай

Бейқамдық қылған шаруаға

Шым байға әбден батқандай.

Қара суық ызғарлы

Созылса ұзақ жұт болар,

Күн райы түзелсе

Қыс өтер, елге құт қонар.

Қариялар солай болжаған

Қатерлі ай деп ақпаннан,

Жалғасар қарлы бораны

Қаһарынан сақтанған.

Аппақ қарға оранған

Жер-Ана тыным тапқандай

Тал, терек жалт-жұлт мүлгиді

Ақ күміс сырға таққандай.

Ақпан да өтер, жуасып,

Наурыз мезгіл жеткенде,

Сай-сала жылға ұласып,

Күн шуағын төккенде.

Ашулы ақпан ақырмай

Тып-тыныш ғана өтсінші,

Қыраулы қыс та ығысып

Көгілдір көктем жетсінші.

Нұғманов Нұрлығайн

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT