Ақкөлде театрландырылған көрініс қойылды

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық мәдениет үйі 9 мамыр Ұлы Жеңістің 78 Жылдығына арналған "Бақыт нұрын төккен күн" атты театрландырылған бағдарламасын көрермен назарына ұсынды. 

Ұлы Отан соғысының Жеңіспен аяқталғанына биыл 78 жыл толып отыр. Жыл өткен сайын Отан үшін болған ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ерлік ешқашанда ұмытылмауы тиіс. Ұлы Жеңіс күніне арналған мәдени шараны Ақкөл ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қайыр Еркебұлан ашты.

Шараға ауыл үлкендері, Ганюшкино шекаралық бақылау бөлімшесінің офицерлері мен жауынгерлері және учаскелік полиция қызметкерлері қатысты. Театрландырылған қойылымда сонау соғыс жылдары жаумен күрескен жауынгерлердің және Тылда аянбай еңбек еткен бабаларымыз бен аналарымыздың ерен еңбегі жеңіске жеткен күні баяндалады. Қойылымда сонымен қатар әскери потриоттық әндер шырқалып, тарихи көріністер беріліп отырды.

Көріністің жоғарғы дәрежеде шығуына үлес қосқан Өнерпаз мәдениет үйі жанындағы “Орлы” халық театры және Ақкөл ауылдық мәдениет үйі жанындағы "Самғау "драма ұжымының өнерпаздарының өнеріне риза болған, көрермендер атынан ауыл ақсақалы Құттымұратов Саламат өнер ұжымына алғысын білдірді. Еліміз тыныш бейбітшілігіміз мәңгілік болсын.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521