Ақкөлде мерекелік шара өтті

(0 Votes)

1 маусым – балаларды қорғау күніне орай Ақкөл дене шынықтыру кешенінде «ИнтерГаз Орталық Азия» АҚ-ның «Атырау» магистральды газ құбырлары басқармасына қарасты Ақкөл желілік өндірістік басқармасының ұйымдастыруымен «Өлкенің гүл жайнаған балалары» тақырыбында мерекелік шара өтті.

Алғысөз Ақкөл желілік өндірістік басқармасының басшысы Нұрбек Құрманқұловқа берілді. Шара «Көңілді старт» ойынымен жалғасын тапты. Оған «Бірлік», «Сұңқар», «Барыс», «Тұлпар» командаларынан бүлдіршіндер қатысты.

Ойынға Ақкөл желілік өндірістік басқармасының басшысы Н.Құрманқұлов, Өндірістік бақылау, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау қызметінің инженері Ж.Қадыров, Ақкөл көлік учаскесінің басшысы М.Сапаров әділқазылық етті.

Спорттық жарыс «Серігу», «Өткелден өту», «Кеңгіру», «Кім мықты?», «Кім алда?» атты бес қызықты бөлімнен құралды. Тартысты ойын нәтижесінде белсенділік танытқан «Барыс» тобы арнайы Алғыс хат еншіледі.

3-орынды «Бірлік», 2-орынды «Сұңқар», 1-орынды «Тұлпар» топтары қанжығасына байлады. Барша топ мүшелері жеке мадақтау бетшелеріне ие болды. Сондай-ақ, үздік қатысушы көрермендер де назардан тыс қалмады. Ақкөл ауылдық мәдениет үйінің директоры Б.Жұмағазиев ауылдың абыройын көтеріп, түрлі деңгейлі ән байқауларында жүлделі орын алып жүрген бірқатар өнерлі балдырғандарды марапаттады.

 

Талантты оқушылар Әмина Темірхан, Сабур Ақылбек, Аяулым Қазымбек, Айна Қазымбек әсерлі әнімен шараның көркін кіргізді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521