Ақкөл ауылының электр желілері ауыстырылады

(0 Votes)

Ақкөл ауылдық округінде өткен есеп беру жиынында округ әкімі Ә.Әбдірахман атқарылған жұмыстардан хабарлама жасады.

-Ақкөл ауылындағы ауылішілік электр желілерін жаңарту, көше жарығы жұмыстарын қолға алу мәселесі бойынша «Icom LTD» мердігер мекемесі 40 шақырым ауылішілік электр желілерін ауыстырады деп күтілуде. Жобаға сәйкес 585 дана жарық шамдары барлық көшеге орнатылады.

Қазіргі уақытта Хиуаз аумағында орналасқан подстанциядан Ақкөл аумағындағы саяжай участогіне дейін жаңа электр желілерінің соқалары екі қатар орнатылды. Ақкөл округінің электр желілері үшін қуатты жаңа подстанция салу жұмыстары да жоспарлануда. Жобаға түзетулер енгізілуде.

2021 жылы «Бекет Сәт Жол» мердігер мекемесі ауылішілік 10 км, автомобиль, 8км жаяу жүргіншілер жолын жаңадан салу жұмыстарын бастады. Былтырғы жылы саз төселіп және жаяу жүргіншілер жолының жері дайындалып, бордюрі салынып басталды, биылғы жылы жұмыстар аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қоса, ойын алаңдары маңына 181 000 мың теңгеге 300 дана тал отырғызылды. Ауылымызға 2024-2025 жылдар аралығында 600 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Орны анықталып, бұл жұмысты «Самұрық Қазына» АҚ жүргізеді. Өзекті мәселе: осы мектеп салынатын жерде тұрғындардың мал қораларына осыдан 20 жыл бұрын жер берілген екен. Тұрғындар осы қораларын көшірген жағдайда, арқалық беттен қора салуға жер беруді сұрауда, - деді ауыл әкімі.

Ауыл ақсақалдары ең өзекті деген мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жол құрылысын уақытында аяқтау және құрылысы жүріп жатқан көшелерге мезгілімен су шашу,жазғы су, ауылдың арқа бетіне мал қораларды көшіру, көше жарығы.

Бұдан басқа ауыл ардагері қоғам белсендісінің электр желілеріне қатысты көтеріп жүрген мәселесі ұтымсыз екенін айтып, әлі де саралау керек екенін жеткізді. Ауыл әкімінің баяндамасы мен тұрғындардың сұранысын тыңдаған аудан әкімі міндетін атқарушы Нұрлыбек Ғаділханұлы Ақкөл ауылына жазғы су құбырының құрылысын салу үшін Энергетика басқармасына сұраныс берілгенін қаперледі. Және ауыл электр желілерін қайта жаңғырту бойынша құрылыс монтаждау жұмыстары басталатынын айтып өтті.

Сонымен қоса, жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселе - жолға қатысты «Бекет Сәт» мердігер мекемесінің өкіліне түсіндірме беруді талап етті. «Бекет Сәт» мердігер мекемесі өкілінің мәліметінше, ауылға қарасты 10,8 шақырым жолдың құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Құрылыс жұмыстарына қажетті инертті материалдарға тапсырыс берілуде.

Сонымен қатар, ол құрылыс жұмыстары кезінде ауыл ішіне су шашылуы да қадағаланады деді. Жиында сонымен қатар, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысы Ш.Мусин көпқабатты үйлердің қас беті, олардың күтіп ұсталуына қатысты тұрғындарға түсінік беріп өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521