Ақ халаттыларға – алғыс

(0 Votes)

Атырау облысы ҚХА жанындағы Құрманғазы аудандық Аналар кеңесі алғыс айту күнінде  ақ халатты абзал жандарға арнап аудандық емхананың  мәжіліс залында мерекелік шара өткізді.  Оған дәрігерлер,  мейірбиелер, емхана қызметкерлері, аналар кеңесі мүшелері қатысты.

Шараны Д.Ғумаров атындағы халық театрының әртісі Алтынбек Биғалиев жүргізді. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балганым Хасенқызы ұжым мүшелерін мерекемен құттықтап дәрігер Роза Сабырқызы мен мейірбике  Мырзан Хисина, тазалықшы Гүлнар Сабироваға ақ орамал жапты.

Сонымен қатар екі әжеге немерелерімен бірігіп кітап оқу ұсынылып, «Қазақ ертегілер» кітабын сыйға тартты. Аудандық аурухана басшысының орынбасары Алена Башмакова ұжым атынан  ризашылығын білдірді.

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйі әншілерінің өнерлері тамашаланды.

Мерекелік шараға қатысушылар алғыстарын білдіріп, көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT