Қайырымдылық – қайырлы іс

(0 Votes)

Қамшының сабындай қысқа өмірде шама-шарқың келгенше аялы алақан мен жан жылуын аңсайтын жандарға қол ұшын бергенге не жетсін.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі осындай сауапты іс қылудан тартынып қалмайды. Жыл сайын ұжым болып, қаражат жинақтап қайырымдылық жасауды дәстүрге айналдырып келеді. Алдыңғы екі жылда Күйген және Дәулеткерей ауылының екі тұрмысы төмен отбасына газ қазандығын орнатып, жылу желісін тартып берсе, биылғы жылы аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету аумақтық орталығындағы ерекше балалар үшін бес бірдей тірек-қимыл жүйесін оңалтатын аппарат алып берді.

r

r

Оны табыстай тұрып, аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Найзабек Құбашев бұл қадамға орталықтың директоры Нұржан Кендебайұлымен ақылдасып, ерекше балаларды оңалту, өмірге бейімдеу үшін қазіргі уақытта не қажеттігін біліп алып барғандарын айтты.

- Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа деген ізгі ойдан туындаған қадам бұл. Тағдыры ерекше балалар – біздің қоғамның толыққанды мүшесі. Олардың арасында өмірге құштар өнерлі, талантты жеткіншектер өте көп. Қабілет жағынан сау адамнан артық болмаса кем емес. Сіздер сондай балаларды өмірге бейімдеп, сауабы мол іс жасап отырсыздар. Бұл бейнетті еңбектеріңізге титімдей болса да жәрдеміміз болсын деген ниетіміз еді. Соның игілігін сіздер, балалар көріп, емделушілеріңіз жылдамырақ қатарға қосылып кетсін дейміз, - деп бұл құрылғыларды зауыттық үлгіден кем еместей етіп тиімді бағада дайындап берген мүгедектігі бар оралдық жеке кәсіпкер Біржан Қожақов екенін қаперге беріп өтті.

r

Аудандық зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету аумақтық орталығының директоры Н.Бахреденов, әлеуметтік көмек алушы бүлдіршіндедің ата—анасы атынан Б.Ахмұқанова сөз алып, мейірімділікке толы жан жылуын сыйлаған аудандық полиция бөлімінің жеке құрамының баршасына алғыстарын білдірді.

Айбек НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521