Құрманғазы ауданының төл тумасы, республикалық “Жыр алыбы Жамбыл” оқушылар айтысының бас жүлде иегері, республикалық “Егемендігім-елдігім” атты қола домбыра оқушылар айтысынан арнайы жүлде иегері, Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп интернатының 11-сынып оқушысы Марсель Қадирбекұлын қабылдап, жеңісімен құттықтадым.
Және жас ақынның өнерге қосып жүрген үлесін баса айтып, тәлім-тәрбие берген ата-анасына да өз ризашылығымды білдірдім.
Бүгінгі күні айтыс өнері ұлттық құндылыққа айналып отыр. Бұл өнер түрі атадан балаға және заманнан заманға ұласып келе жатқан мәдени мұрамыз.
Бұл ретте , осы құнды өнердің ауданымызда ізін суытпай жүрген, айтыс ақындары мен жыршы термешілер Халықаралық одағының мүшесі, айтыскер ақын Мүтиғолла Ғанидің еңбегіне ерекше алғысымды білдіремін.
Абат Жанғалиев,
аудан әкімі