Айтыс ақынының асқаралы белесі

(0 Votes)

ҚР Журналистер одағының мүшесі Есмұхан Долайұлы Жанизин әлемге әйгілі Жұмекен Нәжімеденовтей, журналист-ақын Марат Ысқақовтай талантты перзенттерін жөргегінде тербеген қасиетті Қошалақтың тумасы. Гурьев (қазіргі Атырау) педагогикалық институтында оқыған, бұл күндері Қошалақ ауылдық кітапханасында қызмет атқарады. Жастайына жыр жазумен айналысады, айтыскер ақын.

Өлеңдері «Тұсауын «Серпер» кескен» жинағына, «Ақ шағала» атты Атырау жас таланттарының антологиясына енген. Бірнеше ақындар айтысының, жыр мүшәйраларының жүлдегері. «Ақ шағыл аяулы мекенім», «Құмаршық», «Сахара» атты жеке жыр жинақтарының авторы. Қыр өңірі алтыауыздарының бұрынсоңды жарияланбаған өлеңдерін іздестіріп, онысын жинақтап «Азғырдың ақындары» топтамасын кітап етіп құрастырды. Жұмекен ақынның шығармашылығын зерттеп, «Ақ шағыл. Жұмекен» тақырыбында дастан жазды.

«Серпер» газетінің белсенді штаттан тыс тілшісі, оқырмандарына тағылымды мақалаларымен, ойлы өлеңдерімен, әсерлі жолжазбаларымен жақсы таныс. Үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүретін Есмұхан Долайұлы күні кешелері 63 жасқа толды. 

Редакция

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521