Қасиеттті Ораза айттың алғашқы күнінде «Құрманғазы - туған жер» қоғамдық қоры еріктілері Жаңаталап, Құрманғазы, Теңіз, Еңбекші, Мақаш ауылдық округтерінің 23 тыл ардагерінің үйінде болып, мейраммен құттықтады.
Әрдайым үлкендерге көмек қолын созып жүретін жанашыр жастар тыл еңбеккерлерінің хал-жағдайларымен танысып, өнегеге толы әңгімелерін тыңдады.
Кәрілік кіріп, жүріп-тұрудың өзі шектелген шақта өздерін ұмытпаған мейірбан жүрек жастарға ата-әжелері ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобалар қорының «Жеңіс» республикалық жобасы аясында қолға алынған қайырымдылық шарада қарияларға тұрмыстық бұйым, азық-түлік табысталды. Аталған жоба елімізде 2016 жылдан бері барын айтқан еріктілердің жетекшісі, жас белсенді Азамат Абдуллаев алға қарай да қамқорлыққа зәру топтарға осындай көмектер көрсетілетінін жеткізді.
Айбек ӘНУАРҰЛЫ