Айт қабыл болсын!

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары, жерлестер!

Барша аудан тұрғындарын мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі - Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбәрак болсын!

Қасиетті Рамазан айының аяқталғанын білдіретін Ораза айт - мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың, достық пен шаттықтың мерекесі.

Ораза айт ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді. 30 күн оразада халқымыз ыждаһаттылықпен ауыз бекітті.

Аудан көлемінде қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген көптеген азаматтар жақсылыққа үлес қосып, сауабы мол амалдарға атсалысты.

Баршасына «Алла разы болсын» дегім келеді. Алла тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мәңгі баянды болғай

Құрметпен: аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521