Айнұр Бектемірқызының шеберлік сабағы

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен бүгін «Тігін тігудің құпиясы» атты тәрбиелік шеберлік сағаты өтті.

Қыз –келіншектер бас қосқан іс-шарада Құрманғазы ауданының тұрғыны өз ісінің шебері он қолынан өнер тамған Айнұр Бектемірқызы жастарға тігін тігуден тегін шеберлік сағатын өткізді.

zhastar1

zhastar2

Қазақ халқы қашанда қыздарын ибалылыққа тәрбиелеп, он саусағынан бал тамған аналар бар білгенін жастарға үйретіп отырған. Ертерекке көз жүгіртсек, қыздарымыз ас пісіріп, үй тазалығымен айналысудан бөлек, киім-кешек, көрпе-төсек тігіп, құрақ құрай білген. Қолдан түрлі қол өнер бұйымдарын жасап, үйіне сән қосқан. Міне, осы бір дәстүрді ұстана отырып, әрі қыздарымызға сабақ боларлық, ордамызға сән болып, келген қыздарымызға пайда беретін кеш өткізуді қолға алдық. Айнур ханым 5 жастағы қызбалаларға арналған кеудеше тігудің қыр-сырымен таныстырды. Қалай өлшеу керектігін, дұрыс піше білу керектігін, тігіс түрлерімен әбден түсіндірді.40 минуттың ішінде әдемі кеудеше тігіп шығарды. Қыздарымыз өздеріне керек мағлұматтарды алды деп ойлаймыз.

zhastar3

Бұнымен шектеліп қалмай, алдағы уақыттада шеберлік сабақтарын жиілеп өткізіп тұруға уәде етеміз. Шара соңында басшымыз Наурызбай Амантайұлының дайындаған "Алғыс хатымен", келген қонағымызды марапаттап, өз құрметімізді көрсеттік.

zhastar4

Дархан Ерғазиева

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521