Аймен сырласу

(1 Vote)

Түнгі лирика

Түн, тыныштық, жүріп келем, ойдамын,

Жердемін бе, көктемін бе, қайдамын.

Бұл көктемде не болғанын білмеймін,

Өзімді өстіп ұға алмайтын жайдамын.

 

Бүгін байқап осындай бір «қырымды»,

Аппақ Ай-ау саған айтам сырымды.

Ол да сендей аппақ, сұлу, сүйкімді,

Соған арнап жаздым осы жырымды.

 

Сенің сәулең су бетінде қалықтар,

Түнгі ауылды аймалайды жарықтар.

Ол жайында ойлап кетсем бір сәтке,

Көңіл құсы жұлдыз жаққа шарықтар.

 

Иә,иә, оны жақсы көремін,

Жанды арбаған бір сезімге еремін.

Аппақ Ай-ау сенде жалғыз екенсің,

Менде бүгін мұңнан алқа теремін.

 

Үнсіз тыңдап, телміруден қашпайсың,

Сен ешкімнің сырын сыртқа шашпайсың.

Сүттей аппақ сәулеңменен қол бұлғап,

Деп тұрсың ба: «Неге өзіне ашпайсың?»

 

Тап осылай қойылса егер сұрақта,

Солай етсем, не өзгерер бірақ та?

Ол емес қой, менмін сезім тұтқыны,

Жүргендеймін өз ортамнан жырақта.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521