Асандықтар өз таңдауларын жасауда

(1 Vote)

Дауыс берушілер біртіндеп өз таңдауын жасауда. Ал, алыстағы Асанның жағдайы қандай?

Аудан орталығынан 115 шақырымда орналасқан бұл елді-мекенде №202 және №197 екі сайлау учаскесі бар. 1300 халықты жиғаг Асанның жалпы 773 сайлаушысы болса, оның 18-і үйден дауыс береді.

Ал қыр аймағында арнайы орналасқан жәшікке 171 адам өз таңдауын жасамақ. Сайлау басталғанына 4 сағатқа жуық уақыт өтсе де Үштаған ауылынан 134, Асан ауылынан 96 адам өз қалаулысына дауыс беріп үлгерді.

img-20210725-wa0096

Ең жас сайлаушы да осы жерден табылып, өз дауысын берді. Жанбота Нұрланова есімді 18 жасар бойжеткен туған жерінің келешегіне алаңдаймын, сол үшін алғашқылар қатарынан болдым дейді. - Бұл сайлауды - өз болашағымыз үшін жасалатын маңызды қадамдардың бірі деп білемін. Ауыл басшысы қандай болса, өңіріміз де солай гүлденері анық. Осы жолда өз таңдауымды жасадым және замандастарым да бұл сайлауға бей-жай қарамаса екен деген тілегім бар,-дейді Жанбота.

Жайдарлым Қайреден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521