Аймақтағы ахуал алаңдатып тұр

(0 Votes)

Соңғы уақытта атынан жан түршігерлік тәжтажал індетінің тырнағына іліккендердің саны күрт көбейді. Аурудың таралу деңгейін бәсеңдету мақсатында аудан әкімдігінің кіші залында шұғыл түрде жиын өткізілді.

Алғашқы сөз алған аудан әкімі Марат Мурзиев аудан әкімдігі жанынан құрылған мониторингтік топтың жұмысын жандандыруды басты назарда ұстау керектігін айтты.

Аудан әкімінің орынбасары, мониторингтік топтың төрағасы Нұрлыбек Қалиев өз баяндамасында ағымдағы жылдың 30 наурызынан бері 160 рейдтік тексерулер жүргізіліп, 2 заңбұзушылық анықталып және 21 ауызша ескертулер берілгенін алға тартты. Сондай-ақ, әсіресе жұма, сенбі, жексенбі күндері әртүрлі мерекелік шаралар, жиындар жасырын түрде жасалып жатқанын қаперледі. Халық көп шоғырланатын жерлерге жадынамалар ілініп, сақтық шараларын қатаң ұстануға үгіттер үнжазбалар қосылып тұрғанын жеткізді.

Ал, орталық аурухананың басшысы Гүлсара Мүтиеваның мәліметінше, аудан көлемінде тестілеу нәтижесі бойынша айналдырған бір аптада 28 адамнан оң көрсеткіш анықталып, тиісті емін қабылдауда. Оның қатарында 37-і – жұқпалы аурулар стационарында, 18-і – үй карантинінде жатыр. 6 адам жансақтау бөліміне түсіп, облысқа 6 адам жіберілді. Ақ халатты абзал жан дерттің дауасы, ең сенімді қорғаныс вакцина екенін тағы да бір еске салып, күні бүгінге дейін ауданға келген 560 Спутник-V дозасынан 500-ге жуық тұрғын екпе салдырғанын айтты.

Оқылған баяндамаларға қатысты өзге де бөлім басшылары пікірлерін білдіріп, ойларын ортаға салды. Жиын шегінде аудан әкімі Марат Мурзиев түйткілді мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, жауапты мамандарға нақты тапсырмалар жүктеді.

 

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521