«Айбында» жеңімпаз болды

Рейтинг: 0 / 5

Атырау қаласында ұйымдастырылған облыстық «Айбын» әскери-патриоттық сайысына ауданымыздың командасы қатысып, жүлделі І орынды жеңіп алды.

Оны өткізудегі басты мақсат - қазақстандық әскери-патриоттық тәрбиені жетілдіріп, болашақ ел қорғандарын Қарулы Күштердегі әскери қызметке даярлау болып табылады. Ойын шарттарынан сүрінбей өткен оқушыларымыз шығармашылық және зияткерлік қабілеттерінің деңгейі жоғары екендігін көрсетті. Жеткіншектерге отаншылдық тәрбие беруде, жастардың намыс-жігерін арттыруда осындай әскери-патриоттық клубтардың орны ерекше деп айтуға толық негіз бар.

Орта мектеп оқушыларының алғашқы әскери дайындық пәні бойынша дайындық деңгейін тексеру, болашақ Отан қорғаушылардың бойында жоғары моральды-психологиялық және жауынгерлік қасиеттерді қалыптастыруды мақсат еткен жарыста үздіктерді анықтау да оңайға соқпады. Алайда, аудан мектептерінен жиналған команда мүшелері техникалық жағынан өте сауатты, білікті болашақ жауынгер екендіктерін көрсетті. Оларды бұл сайысқа дайындаған әскери жетекші Амантай Масалимовтың еңбегін атап өткен жөн.

- Жылдамдық пен ептілік, төзім мен күш сынға түскен жарыстың қызығын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, - дейді жарыстан олжалы оралған оқушылар.

А.Шакупова.

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика