«Айбөбектің» арайлы күндерінен...

(5 Votes)

«Бақыт деген – сенің бала күндерің, бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің» -деген М.Мақатаев.

Өзінің заманында еңбектері үшін тиісті бағасын ала алмаған лирик ақын қазіргі егемен елімізде өсіп келе жатқан жасөспірімдердің санасына әсерлі өлең жолдарымен бағыт алған. «Білімнің бастауы балабақшадан басталады» десек, аудан орталығындағы «Айбөбек» бөбекжайбалабақшасы» КМҚК-ның педагогикалық ұжымымызда жан-жақты қырымен танылған, тәжірибесі мол тәрбиешілер мен педагог-мамандар бар. Тәрбиешілер мен бүлдіршіндеріміз аудандық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанып келеді.

img-20210226-wa0057

Республика бойынша Мұқағали атамыздың 90 жылдығы аталып, түрлі мерекелік шаралар өтуде. Бүгінде тәуелсіз Қазақстан өз болашағының айқын бағыттарының бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие ісі мықтап қолға алуда. Әр педагог тәрбиеленушінің алдында өзін үздіксіз жетілдіріп отыруы тиіс. Әлі де саналары қалыптаса қоймаған, өмірдің қыр-сырының дәмін татып көрмеген балғын балалық шақта шаттана күліп жүрген біздің бүлдіршіндеріміз: «Күншуақ» ересек тобынан Нұрлан Алинұр Берікұлы «Отан туралы» -атты өлеңнен «Мен оның тілін сүйем, күнін сүйем...» - деп жырласа, Елеусін Азиз Табылдыұлы «Отан» өлеңнен «Отан, Отан, сен болмасаң не етер ем...» - деп өзіндік балалық сезіммен кішкене жұдырықтай жүректерін әсем жырға арнады. Баланың жеке дамуы, ой-өрісінің кеңеюі балабақша қабырғасынан қаланады. Кішкентай бүлдіршіндеріміз өздеріне сенімді, ақылды және Отанға деген сүйіспеншіліктерін барлық жанға паш еткілері келеді.

20210227_205430

Еліміздің егемендігіне 30 жыл толуына орай, балабақшаішілік ересек топтар арасында «Тәуелсіз елдің дарабоздары» атты спорттық сайыс болды. Балалар өздерінің шапшаңдықтары мен жігерліктерін шыңдап, жоғары деңгейде алға ұмтылыстарын көрсетті. «Жас қыран» тобы 28 ұпаймен І орынды иеленсе, «Күншуақ» тобы 27 ұпаймен ІІ орынды қанжығалады.

Тәуелсіз Қазақстанымыздың бүлдіршіндерінің болашағы жарқын болып, алаңсыз Отанымыздың мақтан тұтар азаматтары болуларын тілеймін.

Мыңбаева Ардақ Қайратқызы,

«Айбөбек» бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі, жас маман

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521