"Айбөбек" бөбекжай-балабақшасындағы мерекелік шара

(0 Votes)

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай "Тәуелсіздігім теңдігім-егеменді елдігім" атты апталықта "Құлыншақ"ортаңғы тобы "Тәуелсіздік - таң нұры" атты тәрбиелік шара, "Балақай"кіші тобы "Тәуелсіздік - биік сенің айбының" атты тақырыптық сағат болып өтті.

Бұл шаралармен балалардың адамгершілік, патриоттық сезімдерін оятып, "Отанға", "Туған жерге"деген түсініктерін молайтып, сүюге, қадірлеуге дәріптеу мақсатында өткізілді. Шарамызда балар саз жетекшімен және тәрбиешілермен бірге қызықты етіп өткізді. Салтанатты шарамызды ең алдымен мемлекетіміздің әнұранымен аштық. 

Шараларда балалар өз өнерлерін көрсетіп би биледі, ән айтты, Туелсіздікке, Отанға деген өлең жырларын арнады.

Барлықтарыңызды мерекемен құттықтай отырып, баршаңыздың отбасыларыңызға бақыт - береке тілейміз, өсіп келе жатырған ұрпақтарымыз аман болып, болашағынан зор үміт күттіретін дені сау азамат пен азаматша болып өсуін тілейміз.

merekelik-shara-3

merekelik-shara2

Сонымен қатар Тәуелсіздік қарсаңында  біздің ұжымымыздағы Мулькат Меллятқызының келе жатырған мерейлі 60 жас туған күніне арналған мерекелік шарамызды жоғары деңгейде өткіздік. Әріптестеріміз бар өнерлерін ортаға салып, пародия да салды, "Жақсы адамдарым" және "Алғыс" әндерін жанды дауыста  айтып, жүрекжарды тілектерін ақтарып, өз ойларынан өлең жырларында шығарды, "Балапан" кіші тобының бүлдіршіндері сүйікті тәрбиешілеріне өздері секілді сүйкімді қызыл раушан гүлдерін өздерінің балалық жүректерімен тарту етті.

merekelik-shara1

Балабақша ұжымымыздағы әр өткізген шараларымыз әрқашан жоғары деңгейде өтіп, бәрінің көңілінен шығып, мәз-мейрам болды.

Мыңбаева Ардақ Қайратқызы,

"Айбөбек" бөбекжай-балабақша КМҚК-ның әдіскері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT