Айару – республикалық конкурс жүлдегері

(0 Votes)

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы 2005 жылдан бастап өткізілуде.

Негізгі мақсаты – оқушыларды жастайынан зерттеу жұмыстарына тарту, сонымен қатар, зерттеушілік дағдыларын жетілдіру арқылы олардың интеллектуалдық шығармашылық әлеуетін арттыру, оқушылардың жас кезінен бастап шығармашылық жобалау болып табылады. 2-7сынып оқушыларының арасында өткен XVІІ республикалық “Зерде” конкурсына  Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектептің 3 сынып оқушысы Айару Амангелді қатысты. Ғылыми жетекшісі бастауыш сынып мұғалімі, педагог –зерттеуші  Гүлжанат Байжумаева.

Айару  2 сыныптан бастап зерттеу жұмысын бастаған болатын. Таңдаған тақырыбы: ”Табиғат физикасы: жарық өткізетін денелер мен дыбыс түрлерін анықтау”.  Оқушының бұл жұмысты зерттеу барысында  әр түрлі ресурстарды пайдалана отырып, тәжірибелер жасауда қызығушылығы арта түсті. Тақырыпты таңдаудағы өзіндік ойлау қабілеті жоғары болды. Керекті құрал-жабдықтарды да тиімді пайдаланды.  Айарудың  ізденушілік белсенділігі жоғарылаған  сайын қолынан бәрі келетінін өзі байқай бастады. Сөйтіп, білімге деген ынтасы артып, нәтижесінде өзінің қабілетінің, мүмкіндігінің жоғары екенін байқатты. Оқушы өз бойына зерттеу талабын қалыптастырды. Өздігінен шешім қабылдауға, ақпараттар алуға, оны басқаларға жеткізе білуді үйренді. Зерттеу жұмысының  нәтижесімен басқа оқушылармен  бөлісе отырып, Ақмола облысы Шучье қаласында өткен республикалық «Зерде»  конкурсына қатысып, грамота және сертификат иеленді. Айаруға білімді, зерделі, талантты оқушы болуына тілектеспіз!

Шынар Исатаева,

мектеп директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT