«Айқанаттан» алған әсеріміз мол

(0 Votes)

«IQanat» ауыл мектептерін қолдауға, үлкен мақсатқа жетелеуге бағытталған ең керемет жоба. Бұл жобаның болашаққа кең жол ашатын мүмкіндіктері өте көп.

Оған қатысушылар ұлттық бірыңғай тестілеуге тегін дайындалып, мектеп бітірген соң кез келген шетелдік немесе қазақстандық жоғары оқу орындарына тегін түсе алады. Басқа да жеңімпаздарына жасалатын жеңілдіктері жетерлік. «IQanat» олимпиадасы жайлы мұғалімдерімізден жиі еститінбіз. Мың рет естігенше бір рет бағымызды сынап көрейік деген ниетпен білім додасының шарттарымен танысып, аламанына кіріп кеттік. Физика пәнінен қатысқан үшеуміздің де бағымыз жанып, «IQanat» олимпиадасының жүлдегерлері атану бақыты бұйырды.

zharys2

Екінші кезеңнің жеңімпаздары ретінде жақында Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық слетіне жолдама берілді. Еліміздің жалпы білім беретін мекемелерінің 35 мыңға жуық оқушылары қатысқан сайыста 700 бала республикалық кезеңге өтті. Атырау облысынан барған 21 оқушының ішінде біздің ауданннан үшеуміз болдық. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиылған басқосуда болған әрбір күніміз жоспарлы түрде ұйымдастырылып, пайдалы өткізудің бар жағдайы қарастырылды. «ХХІ ғасыр мамандықтары» және «Шетелде оқу – қолыңнан келетін іс» атты семинарлар мен «Өзіңді таны» тренингіне қатысып, білімізді жетілдірудің, дүниетанымызды кеңейтудің сәті туды. Сондай-ақ, олимпиаданың үшінші кезеңінің сындарынан бақ сынасты. Білім сайысында өз пәндері бойынша үздіктер сапынан орын алғандар қатарында ауданымыздан барған Балқұдық жалпы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ғалымов Бектөренің есімі аталғанда көңіліміз көтеріліп қалды.

zharys-3

«Балдәуренде» өткен бес күніміз қуаншыш пен шаттыққа толы болды. Жаңа достармен танысып, спорттық, танымдық ойындарда сайысып, күндеріміз көңілді өтті. Республикалық слеттің жабылу салтанатында Қазақстанның көптеген танымал әншілері өнерлерін көрсетті. Әрқайсысымызға естелік сыйлықтар табысталып, жақсы әсермен оралдық. Осы орайда білім додасына қатысуға мүмкіндік жасаған «IQanat» жобасының облыстық координаторлары Әсел Аяповаға, Сәуле Құбашеваға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

Гүлжамал БОЛАТҚЫЗЫ,

Аружан ӨТЕПҚАЛИЕВА,

Еңбекші және Абай атындағы орта мектеп

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521